«Қазсат-2»-нің істен шығу себебі анықталды

Бірақ, ақау тез жөнделген жоқ. «Қазсат-2-ні» қалпына келтіру үшін дереу ресейлік мамандар тартылған. Техникалық топ 17 сағаттан соң жер серігімен байланысты қалпына келтірді. Айта кетсек, кеше таңертең жерсерік  бұзылып елімізде отандық және шетелдік арналардың трансляциясы тоқтап қалған болатын. Тіпті 4 жыл бұрын ұшырылып, қыруар қаржы құйылған аппараттан айрылып қалу қаупі де туды. Себебі оған дейін «Қазсат -1» із-түзсіз кетіп, біраз ақша желге ұшқан-ды.

Виктор Лефтер, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ президенті:

-Тылсым күшпен келісімге келе алмаймыз ғой. Бізге де бағынбайтын құбылыстар бар. Спутниктің істен шыққан бағдарламалық жүйесін толық ауыстырдық. «Қазсат -2 »-ден сигнал алып отырған барлық абонеттер жұмысын қайта бастады. 

Loading...