ҚазТрансГаз 2006-жылы Грузияға 1 млрд. текше метр көгілдір отын шығармақшы

"Біз Грузияның газ тасымалы жүйесіне қазірден бастап нақты қатысу арқылы қыс маусымында оларға көмек көрсетпекпіз. Ал алдағы уақытта біз Грузия үкіметімен тізе қоса жобаланып жатқан бағдарлама аясында жұмыс істейтін боламыз",- деді компания басшысы. Осы орайда С.Сұлтанғалиев келешекте экспортталатын газ көлемінің ұлғайтылу мүмкіндігін жоққа шығармады.

Грузия жылына 2 млрд. текше метр газ тұтынады.