Caravan Logo

ҚазТрансГаз өз қызметкерлерін Тбилиси қаласынан шұғыл әкетті

ҚазТрансГаз өз қызметкерлерін Тбилиси қаласынан шұғыл әкетті

"Грузиядағы қалыптасқан жағдайға байланысты "ҚазТрансГаз - Тбилиси" ЖШҚ қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында "ҚазТрансГаз" АҚ "Самұрық" холдингінің тапсырмасына сәйкес Тбилиси аумағында жұмыс істейтін өз қызметкерлерін шұғыл әкету туралы шешім қабылдады", - деп атап көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Компанияның ұсынған ақпаратына сүйенсек, бүгін таңғы 3 сағат 30 минутта "ҚазТрансГаз" компаниясы арнайы жіберген Грузияда жұмыс жасайтын "ҚазТрансГаз - Тбилиси" ЖШҚ қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері - барлығы 45 адам мінген ұшақ Астана әуежайына келіп қонды. "ҚазТрансГаз - Тбилиси" ЖШҚ бас директоры бастаған 10 қызметкер қала халқын үздіксіз газбен жабдықтау үшін Тбилисиде қалған.