Газет мәліметінше, келесі айдың басынан бастап табиғи газдың құны Алматы тұтынушылары үшін 1 текше метріне 16,6 теңге болмақ, ал бұған дейін ол 14,79 теңге болатын.
ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қалалық департаменті монополистің өтінішін қарап жатыр, бірақ, әзірге оны бекіткен жоқ. Дегенмен, "тариф бұрынғы алпы қалады деген сенім аз ", деп жазады басылым.
"Бағаның көтерілу себебі Өзбекстанның газ босату бағасын көтеріп жіберуіне байланысты. Соңғы рет халық үшін тариф 2006 жылдың наурыз айында көтерілген", - деп жазады газет.