А.Садықов 1969-жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің заңгерлік факультеті мен банк ісінің жоғарғы мектебін бітірген. "Қазақойл ҰМК" ЖАҚ, "Қазақстанның Халықтық жинақ банкі" ААҚ тәрізді компанияларда басқарушы лауазымдар атқарған. "ҚазТрансОйл" АҚ-ның бас директоры болды. 2002-жылдың қыркүйек айы мен 2005-жылдың ортасына дейін "ҚазТрансГаз" АҚ-ның бас директоры болды.
KZ-today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, А.Садықов коммуналдық сала, жылу-энергетикасы кешені, құрылыс, көлік және жолдарға қатысты мәселелерді жауаптанатын болады.