Қазтрансойл 34 687 қазақстандық азаматтың өтінішін қанағаттандырды

Бір акцияның құны 725 теңге, жалпы алғанда 27 млрд 886 млн 80,275 мың теңге сомасына берілген өтініштер қанағаттандырылды.

Қабылданған өтініштер реестріне қарағанда, олардың жалпы сомасы 59 408 943 975 теңгені құрады, оның ішінде Қазақстан азаматтарынан 34 676 өтініш, жинақтаушы зейнетақы қорларынан түскені 10 өтініш және маркет-мейкерден бір өтініш.