2015 жылғы маусым-шілде айларындағы болжам бойынша аталған компаниялар бірінші сыныпты акциялар өтімділігінің тізімін қайта басқарды. Бұл туралы Қазақстанның қор биржасының (KASE) сарапшылары жариялаған рейтингке сілтеме жасап, «Халық IPO» сайты хабарлады.
Қор биржасында басқа компаниялардың тұрақтылығы төмен және біріншіден екіншіге және керісінше белсенді түрде ауытқып отырады.
Соынмен, 1 маусымнан бастап 31 шілде аралығындағы рейтинг бойынша:
1) «ҚазТрансОйл» АҚ жай акциялары;
2 «KEGOC «Қазақстанның электр желілерін басқару жөніндегі компаниясы» (Kazakhstan Electricity Grid Operating Company) АҚ жай акциялары;
3) «Қазақстан Халық жинақ банкі» АҚ жай акциялары;
4) «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ артықшылыққа ие акциялары;
5) «Кселл» АҚ жай акциялары;
6) KAZ Minerals PLC жай акциялары;
7) «БАСТ» АҚ жай акциялары;
8) «Қазақтелеком» АҚ жай акциялары;
9) «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ жай акциялары;
10) «Қазкоммерцбанк» АҚ жай акциялары.
Тізім KASE «Бағалы қағаздар өтімділігінің көрсеткіштерін айқындау әдістемесіне» сәйкес қалыптастырылып, Индекс және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің 2015 жылғы 25 мамырдағы шешімімен бекітілді.
2015 жылғы сәуір-мамырда қалыптасқан акциялар тізімімен салыстырғанда, екінші сыныпты өтімділік рейтингінде де елеулі өзгерістер орын алды. Сонымен, компаниялардың бұл тізімі 30 пайызға ұлғайды, атап айтқанда, «Баян сұлу» компаниясы жай акцияларымен үшінші сынып рейтингінен екінші эшелонға көтерілді.
Еске салсақ, KASE ішкі құжаттарына сәйкес бірінші санатты акциялардың сауда-саттығы қазақстандық қор биржасында жұмыс күндері сағат 11:30-дан 17:00-ге дейін, екінші және үшінші сыныпты өтімділік акцияларының сауда-саттығы Алматы уақыты бойынша сағат 15:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі.