Ақпаратқа сәйкес, тасымалдау көлемінің кемуі Қазақстандық мұнай өндіруші компаниялардың "ҚазТрансОйл" жүйесіне жіберілетін мұнайдың азаюына байланысты.
2005-жылдың аяғына дейін мұнай тасымалдау көлемі 36 574 мың тоннаға жетеді деген болжам бар.
2005-жылдың қаңтар-тамыз айларында "Интергаз Орталық Азия" АҚ -ның магистралдық газ құбырымен газ тасымалдау көлемі 84,56 млрд. текше метрді құрады. Бұл 2004-жылғы қаңтар-тамыз айларындағы көрсеткіштен 3,35 млрд. текше метрге артық.
2005-жылы 116,7 млрд. текше метр газ тасымалдау көзделіп отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті