Caravan.kz порталы назарларыңызға су жаңа әннің сөздерін ұсынады.
Қазыбек Құрайыш & Гүлсім Мырзабекова
Аяулым
Аяулым!
Өтіп жатыр сырын бүгіп баяу күн.
Теңізімнің тереңдігін байқадым,
Тұншығуға таяумын...
Аяулым!
Көңіліме түсті қанша қаяу мұң.
Жаңбыр келіп жуса менің бетімді,
Еріп кетер бояумын.
Аяулым!
Күйін кешпей Қозы менен Баянның.
Қанша түндер сергелдеңге ой түсті,
Тереземе таяндым.
Аяулым!
Шамшырағым қайта жанар таяу күн.
Сені ойлап көз ілгенмен әр түнде,
Жүрегіммен ояумын