"Қазына" Астанадағы жалпы сомасы 31,7 млрд теңге болатын үлестік құрылыстың 34 нысанын несиелендірді

"Жыл соңына дейін "Би-Ай Групп" ЖШС, "ҚУАТ корпорациясы" АҚ, "Лея" ЖШС, "Ромул" ЖШС және т.б. секілді компаниялардың 20 нысаны бойынша жұмыстарды аяқтауды жоспарлап отыр. Олар 8077 үлескерді біріктіріп отыр. Бұл нысандарды аяқтау үшін 31,6 млрд теңге қажет", - деп хабарлады И. Тасмағамбетов.