"Қазір ""Қазына" тұрақты даму қорының құрамына кіретін Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы" АҚ Әлемдік банкпен және Еуропалық қайта құру және даму институтымен бірлесіп мемлекет пен жеке меншіктің әріптестігінің институционалдық инфрақұрылымын қалыптастыру, соның ішінде PPP-Unit ұйымын құру жұмыстарын жүргізуде",- деді Қ.Келімбетов.
"PPP-Unit - мемлекет пен жеке меншік саланың әріптестігінің жұмыс істеуіне қатысты шараларды жүзеге асыруға, соның ішінде концессиялық жобаларды жүзеге асыруға дайындық, оларды ілгерілету және мониторинг жүргізу жұмыстарын жүзеге асыруға тиіс оперативтік орган",- деді "Қазынаның" төрағасы.
Заңнаманы жетілдіру және нормативтік және әдістемелік базаның жобасын жасау жұмыстарының нәтижесінде "заңнамадағы кемшіліктер жойылып, жобаларды ұсыну мен ілгерілету процедуралары мен процестерін стандартқа сәйкестендіру көзделуде".
"Біз сонымен қатар бизнеске мемлекет қолға алған концессиялық жобаларды жүзеге асыруға белсенді қолдау көрсетуді жоспарлап отырмыз. Даму институттарында тиісті тәжірибе мен ресурстар бар",- деді Қ.Келімбетов.
"Жалпы алғанда мемлекет пен жеке меншік саланың әріптестігіне Қазақстанда заңнамалық, институционалдық және инфрақұрылымдық негізге ие болды. Сол себепті оны экономиканы дамыту және шикізаттан басқа саладағы инвестициялық белсенділікті арттыру мақсаттарында тиімді пайдалану керек",- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті