“Қазына” қорын құру мемлекеттің экономиканы реттеу ролін күшейтуге бағытталған жоқ - Келімбетов

“Қор мен даму институттары әлеуметтік-экономикалық айрықша маңызды жобаларға ғана атсалысады, даму институттары бизнеспен бәсекелеспейді”,- деді ол.

“Қор мен даму институттарының іс-қызметі бизнесті дамыту мен бизнес-бастамаларды қолдауға жағдай жасауға бағытталады. Қор мен даму институттары жағдайды жақсартуға және артықша тиімділікке қол жеткізуге болатын қызмет түрлеріне ғана күшін шоғырландырады”,- деді ол.

“Қор мен даму институттарының іс-қызметі жеке меншік сала үшін ақпараттық дабыл беруге бағытталатын болады. Бұл экономикалық қызметтің жаңа салаларын құру арқылы жүзеге асырылады”,- деді Қ.Келімбетов.