"Қазына" қорының басшылығы жалақы көлемін айына 5 мың доллардан асырмау туралы шешім қабылдады - толықтырылған нұсқа

Оның айтуынша, "Қазына" тұрақты даму қоры" акционерлік қоғамының басқармалары төрағасы мен оның орынбасарларының жалақысы 5 мың АҚШ долларын құраған, "ал түрлі үстемелерді қосқанда жалақы көлемі айына 10 мың долларға жететін болған".

"Кеше "Қазына" қорының жетекшілері басшылықтың жалақысы түрлі қосымшаларды қоса есептегенде ай сайын 5 мың доллардан аспауға тиіс деген шешім қабылдады",- деді Қ.Келімбетов.

Қор басшысының айтуынша, бұл шешім "Қазына" акционерлік қоғамының басқаруына берілген еліміздегі барлық даму институттарына қатысты. "Бұл шешім тиісті нормативтік құжаттарда көрініс табады",- деді Қ.Келімбетов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті