"Қазына" тұрақты даму қорының 2008 жылғы басты міндеті - бұл Қазақстанның "30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасын іске асыру, және де қор аталмыш жобаның операторы болып табылатындықтан, күшті осы бағытқа жұмылдыру керек",- деді К. Мәсімов.
Осыған байланысты ол, мемлекет басшысының "даму институттарына, мемлекеттің барлық шығындарына, соның ішінде "Қазына" қорының шығындарына "жіті аудит" жүргізу жөнінде тапсырма бергендігін еске сала кетті. "Яғни біз әлемдік қаржы нарығындағы жағдайды ескере отырып, өзіміздің қаржы ресурстарымызды қазіргі таңдағы аса маңызды міндеттерді шешуге жұмылдырып, бөлуіміз керек",- деп қосты үкімет басшысы. "Біз қазір сөзден "30 корпоративтік көшбасшы" бағдарламасы аясында нақты міндеттерді шешуге көшуіміз қажет",- деп атап көрсетті К. Мәсімов.