"Қазына" қорының қазіргі кезеңдегі басты мақсаты - құрылған технопарктерді мән-мазмұндық тұрғыда байыту - қор басшысы

Оның айтуынша, ""Алатау" ақпараттық технологиялар паркі аясында 1-қарашадағы жағдаймен парк аумағында жүзеге асыру үшін 12 жоба таңдап алынды. Бұл технопарк болашақта өңірде ұзақ мерзімді IT-бизнестің қанатын кеңінен жаюына қажетті операциялық платформасына айналу мүмкіндігіне толық ие",- деді Қ.Келімбетов. "Бұл мәселені "Microsoft" және "Cisco Systems" компанияларымен алдын-ала талқылау барысында үлкен қызығушылық байқалды. Осы мүмкіндікті олардың инвестициясын арттыру және Қазақстанда өз бизнестерін шоғырландыру мақсаттарында тиімді пайдалануға болады",- деді ол.

Қ.Келімбетовтың айтуынша, Орал қаласындағы "Алгоритм" технопаркіне 60 өтініш келіп түсті, оның ішінде технологиялар трансфертіне қатысты 8 жоба бар. "Қазірде 10 жоба сарапшылар кеңесінің оң бағасына ие болып, Ұлттық инновациялық қордың қарауына жіберілді",- деді ол.

Қарағандыдағы "UniScienTech" технопаркінің сарапшылар кеңесі 21 жобаны қарап, 13 жобаны іріктеп алды. 5 жоба бойынша грант түрінде қаржыландыруға өтініш әзірленді, деді Қ.Келімбетов.

Оның айтуынша, қазір даму институттары Астана қаласында, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 4 аймақтық технопарк құру жөнінде техника-экономикалық негіздеме дайындауда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті