""Қазынаның" бастамасымен қазір дәрі-дәрмекті мемлекеттік медициналық мекемелерге дистрибуциялаудың біртұтас автоматтандырылған жүйесінің жобасы жасалуда", - деді Қ. Айтекенов.
"Одан күтілетін тиімділік - мемлекет сатып алатын дәрі-дәрмек бағасының төмендеуі, импорттан тәуелділіктің азаюы, отандық өндірістің ұлғаюы мен бақылауды автоматтандыру", -деді ол.
Қ. Айтекеновтың айтуынша, жобаны "Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, Малайзияның тәжірибесінің негізінде жасаған".