Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.
16 желтоқсанға орай елшілікте өткен ресми қабылдауда қонақтарға ет тағамдары, қазы-қарта мен бауырсақтан жасалған тау мен ағаш, сондай-ақ Қазақстан туы бейнеленген торт ұсынылған.
"Қырғызстанда Қазақстан елшілігі ұйымдастырған Қазақстанның Тәуелсіздік күні тойланып жатыр. Бұл қазы-қартадан жасалған Алатау таулары. Міне, бауырсақтан жасалған ағаш. Міне, Нұрсұлтан шыңына 30 жыл. Қандай өнер. Жарайсыңдар", - дейді видео сыртындағы дауыс.
Алайда бұл видео Қазнетті ашуландырды. Қазақстан СІМ баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді.
"Бұл басқа қабылдаулар сияқты қарапайым бас қосу. Тек бұл күні аспаз әр тағамға өз қиялын қосып, шығармашылықпен дайындаған", - деді Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілдері.
Кейін ерекше тағамдардың авторы қырғыз аспазшысы Таштанбек уулу Ырыскелди екені белгілі болды.