Қ.Бозымбаев ҚР Энергетика министрі қызметіне тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бозымбаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. «Қ.А.Бозымбаевты Қазақстан Республикасының Энергетика министрі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылсын. Қазақстан Республикасының Президенті        Н.Назарбаев Астана, Ақорда, 2016 жылғы 25 наурыз № 215