ҚДБ «АрселорМиттал Теміртау» мен «Қазмырышқа» 16,2 млрд теңге несие берді


   Бұл туралы бейсенбі күні Қазақстан қор биржасының ресми сайты хабарлады.
Қазақстандық экспортты қолдауға бағытталған несие жеңілдікпен берілген.
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына шикізат пен материалдар алуға, оның өңдеп, дайын өнім шығаруға 10 млрд теңге берілді. Несие мерзімі 5 жыл.
6,2 млрд теңге көлеміндегі несие «Қазмырыш» компаниясына берілді. 3 жылға берілген несиеге компания металдық мырыш өндіріп, экспортқа шығарады.
2015 жылы қазақстандық тауар экспортын қолдау мақсатында Ұлттық қордан ҚДБ-не 35 млрд теңге бөлінді. Қыркүйектің біріне дейін 6 жоба қаржыландырылды.