ҚДБ EY және McKinsey қолдауымен несие қызметінің тиімді үлгісін енгізуде

 "Жобаның нәтижесі несие өтінімдерін қарау мерзімдерін оңтайландыру, несие үдерісінің сапасын арттыру мен несие және операциялық тәуекелдер деңгейін төмендету болмақ. Бұдан өзге, Банктің несие қызметі аясында барлық бизнес үдерістерін 70% дейін автоматтандыру бойынша "жол картасы" қалыптастырылды", — делінген хабарламада.

Жоба өткен жылдың маусымынан бастап ағымдағы жылдың ақпанына дейін үш кезеңмен жүзеге асырылды: Банктің ағымдағы бизнес үдерістерінің диагностикасы, несие қызметінің мақсатты үлгісін әзірлеу, сондай-ақ жаңа бизнес өнімдерді және бизнес үдерістерді сынақтан өткізу және енгізу.

Бірінші кезең аясында 44 негізгі бизнес үдерістерге талдау жүргізіліп, оның нәтижесінде несие үдерісіндегі кемшіліктер, атап айтқанда, өтінімдерді қарау ұзақтығы, несиелік талдау сапасының төмен деңгейі, Банктің ұйымдық құрылымын өзгерту қажеттілігі анықталды.

Диагностика нәтижелері негізінде, сондай-ақ әлемнің үздік банктік іс-тәжірибелерін ескере отырып, кеңесшілермен бірге несие қызметінің жаңа мақсатты үлгісі әзірленді, ол келесілерден құралған:

Несиелік талдау жүргізу кезінде рөлдерді нақты анықтау (клиенттік менеджер – клиентпен өзара әрекеттестік және құжаттарды қабылдау, несиелік талдаушы – несиелік талдау жүргізу),

шешім қабылдаудың және талдаудың сәйкес құрылымдық формаларының нақты белгілерін енгізу,

алдын ала хабарлау жүйесін енгізу арқылы несие мониторингі үдерісін жетілдіру (жобалар бойынша қауіпті белгілерді анықтау),

Банктің алқалы органдарының қатысуын азайту,

Несие үдерістерін одан әрі автоматтандыру.

Бизнес ұсыныстарды алдын ала қарау және несие өтінімдерін индикативтік талдау кезеңдерінде түбегейлі өзгерістер болады. Бастапқы іріктеу кезеңінде өтінім берушілер арасында сауалнама жүргізу енгізіледі, негізінен ол өтінім берушінің жобаның коммерциялық тиімділігін өз тарапынан бағалау болмақ. Индикативтік талдау әлдеқайда тереңдеп, банк сараптамасына жоба пысықталып түседі.

Несие қызметінің жаңа үлгісі банктің ұйымдастырушылық қайта құрылуын талап етті. Осы тұрғыдағы негізгі өзгерістер фронт-, мидл- және

бэк-офистердің функционалын ажырату арқылы міндеттерді бөлуге қатысты болды. Клиенттік менеджердің, несиелік талдаушының және мониторинг бойынша маманның функционалы (алдын ала хабарлау жүйесі жөніндегі функция) бөлінді.

Үшінші кезең аясында несие үдерісінің барлық кезеңдерінде – жобаларды бастапқы іріктеуден бастап қаржыландыру туралы шешім қабылдағанға дейін жаңа несие үлгісін сынамалы түрінде енгізу бойынша жұмыс жүргізілді. Бұдан өзге, «ҚДБ-Лизинг» еншілес ұйымы негізінде «Иджара» ислам лизингінің жаңа өнімін пилоттық енгізу жүзеге асырылды. Ақтық кезеңде кеңесшілермен бірге сондай-ақ клиенттің online-кабинетін енгізу арқылы бизнес үдерістерді автоматтандыру бойынша талаптар әзірленді.


«Жоба 2017 жылдың соңына дейін есептелген Банкті трансформациялаудың ауқымды бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Қазірдің өзінде Банктің несие қызметіндегі сапалы өзгерістер жайлы айтуға болады: қазіргі уақытта бизнес үдерістердің жаңа реттемелері әрекет етеді, несиелік талдау, тәуекелді басқару әдістемесі жетілдірілді. Мұндай ауқымды жобаны жүзеге асыру және сегіз айдың ішінде өзгерістерді енгізуден айтарлықтай нәтиже алу басшылықтың қолдауынсыз және Банк қызметкерлерінің өзгерістер енгізу үдерістеріне атсалыспауынсыз мүмкін болмас еді», — деп атап өтті Сергей Сафонов, EY компаниясының серіктесі.

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ (ҚДБ) – 2001 жылы құрылған Қазақстан экономикасының шикізат емес және инфрақұрылым секторын жаңғырту мен дамыту жөніндегі ұлттық даму институты. Қызметтің негізгі бағыттары: өндірістік инфрақұрылым мен өңдеу өнеркәсібін дамыту, ел экономикасына ішкі және сыртқы инвестицияларды тарту және көмектесу. ҚДБ үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасының ірі инвестициялық операторларының бірі болып табылады. ҚДБ «Байтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрылымына кіреді.

EY компаниясы аудит, салық салу, келісімдерді сүйемелдеу және кеңес беру саласындағы халықаралық жетекші компаниялардың бірі. Біздің білім мен қызмет көрсету сапасы әлемнің әр түрлі елдерінде қоғамның капитал нарығы мен экономикаға сенімін нығайтуға көмектеседі. Біз үздік көшбасшыларды қалыптастырамыз, олардың басшылығымен біздің ұжым өзіне алған міндеттерді орындайды. Осылайша біздің қызметкерлердің, клиенттердің және жалпы қоғамның игілігіне іскерлік ортаны жақсартуға маңызды үлес қосамыз.

Біз ТМД елдеріндегі компаниялармен өзара әрекет етіп, оларға бизнес мақсаттарға жетуге көмектесеміз. Біздің фирманың 20 кеңсесінде (Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Новосібірде, Екатеринбургте, Қазанда, Краснодарда, Дондағы Ростовта, Владивостокта, Оңтүстік Сахалинде, Тольяттиде, Алматыда, Астанада, Атырауда, Бішкекте, Бакуде, Киевте, Ташкентте, Тбилисиде, Ереванда және Минскде) 4500 маман қызмет етеді.

EY атауы жаһандық ұйымға жатады және Ernst & Young Global Limited құрамына кіретін бір немесе бірнеше компанияға қатысты болуы мүмкін, олардың әр қайсысы жеке заңды тұлға болып табылады. Ernst & Young Global Limited – Ұлыбританияның заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға, ол қатысушыларының кепілдіктерімен шектелген компания болып табылады және клиенттерге қызмет көрсетпейді. Толығырақ ақпарат біздің сайтымызда ұсынылған: ey.com.

McKinsey & Company – басқару консалтингі саласында жұмыс жасайтын және жетекші коммерциялық компанияларға, мемлекеттік органдарға, сондай-ақ үкіметтік емес және коммерциялық емес ұйымдарға қызмет көрсететін халықаралық компания. Бүгінде 1926 жылы негізі қаланған компания 61 елде жұмыс жасайды, ал әлем бойынша 109 кеңседе жұмыс жасайтын қызметкерлердің жалпы саны 20 000 адамнан асады. McKinsey клиенттерге көптеген салаларда қызмет көрсетеді, және оларға арнап түрлі функционалды салалардағы жобаларды – стратегия жасау, ИТ-құрылымын құру және жетекші кадрларды дамытудан бастап ұйымдық құрылымды түрлендіру, клиенттердің

тіршілік кезеңін басқару және тұрақты дамытуды қамтамасыз етуге дейін жүзеге асырады. McKinsey халықаралық салалық және функционалды сараптау топтары ішкі желіні құрайды, компания оны білімді қалыптастыру, кәсіби қабілеттерді дамыту және клиенттерге барынша сапалы қызмет көрсету үшін пайдаланады. McKinsey & Company Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт жұмыс жасап келеді. Қазіргі уақытта компанияның Астанада және Алматыда кеңселері бар.