ҚДБ-ға ағымдағы жылдың 26 мамыры күні түскен 208 өтінім ҚДБ-ның қарауында жатыр, олар үш жұмыс күні ішінде қаралады.
Бұл туралы ҚДБ-ның ресми сайтында хабарланды.
|
Агент банк |
ҚДБ-ға түскенөтінімдер саны |
Мақұлданғанөтінімдер саны |
Өтінімдердің жалпы сомасы, (млн. теңге) |
|
«Банк ЦентрКредит» АҚ |
495 |
375 |
1214,7 |
|
«Еуразиялық банк» АҚ |
791 |
668 |
2176,2 |
|
«Халық Банкі» АҚ |
554 |
554 |
1790,0 |
|
«Сбербанк России» АҚ ЕБ |
511 |
500 |
1588,6 |
|
«АТФ Банк» АҚ |
38 |
38 |
125,0 |
|
«Forte Bank» АҚ |
72 |
72 |
230,9 |
|
Барлығы |
2 415 |
2 207 |
7125,4 |
ҚДБ ағымдағы жылдың 20 сәуірі күні іске қосылған Жеңілдетілген автонесие беру бағдарламасының операторы болып табылады. Даму Банкі агент банктермен Ұлттық қордан бөлінген несие қаражатын игерудің бақылауын үнемі жүргізуде. Бағдарлама шеңберінде Ұлттық қордан жеке тұлғаларға Қазақстанда құрастырылатын автокөліктерді сатып алуға несие беру үшін барлығы 15 млрд. теңге бөлінді.
|
Көлік өндірушілердің атауы |
Көлік өндірушілерге берілген лимиттер, % |
Берілген несиелердің саны, млн. теңге |
Берілген несиелердің жалпы сомасы, млн теңге |
|
«Азия Авто» АҚ |
45,333% |
168 |
539,2 |
|
«СарыарқаАвтоПром» ЖШС |
33,333% |
81 |
268,6 |
|
«АгромашХолдинг» АҚ |
21,333% |
6 |
18,8 |
|
Барлығы |
100% |
255 |
826,6 |
Тізімі ҚР Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиямен бекітілген келесі банктер бағдарлама қатысушылары (төменде көрсетілген банктерге өтінім беру керек) болып табылады:
|
Банк |
Қаржыландыру шегі, млрд. теңге |
|
«Халық Банкі» АҚ |
4 |
|
«Еуразиялық Банк» АҚ |
3 |
|
«Сбербанк России» АҚ ЕБ |
2 |
|
«ForteBank» АҚ |
2 |
|
«Банк Центр Кредит» АҚ |
2 |
|
«АТФ Банк» АҚ |
2 |
Жеке тұлғаларға автокөлік сатып алуға ҚР Үкіметімен бекітілген несие беру шарттары: атаулы сыйақы мөлшерлемесі - ең көбі жылдық 4%, алайда жылдық тиімді мөлшерлеме (оның ішіне сақтандыру және автокөлікті кепілге салу шығындары кіреді) жылдық 7,5%-дан аспау керек. Несие мерзімі - ең көбі 5 жыл, қарыз валютасы - теңге, жеңіл көліктің бір бірлігінің бағасы - ең көбі 5 600 000 теңге, міндетті бастапқы жарна сатып алынатын көліктің құнының 20%-ынан аспауы тиіс.
Ағымдағы несиелерді өтеуден түскен төлемдер қайтадан атонесие беруге жұмсалады.
Ақырғы қарызгерлер - жеке тұлғаларға «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «АгромашХолдинг» АҚ және «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорындарында жиналатын «Kia», «Chevrolet», «Skoda», Hyundai, «SsangYong», «Peugeot» және т. б. сияқты брендтердің 55 көлік моделі ұсынылады.