«QDigitalInform» аумағын кеңейтуде: цифрландыру бойынша семинар Оралда өтеді

Блокчейн технологиясытауар және қаржы ағындарын, логистиканы, мемлекеттік институттардың жұмысын бақылаумен қатар, бизнес пен мемлекетті басқару саласында заманауи нәтижелі шешімдерін енгізуге ықпал етеді. Блокчейн технологиясы мен электронды үкіметтің өзге де мүмкіндіктері туралы семинар қатысушыларына «ҰАТ» АҚ Батыс Қазақстан облыстық технологиялар орталығы ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу басқармасының бас маманы Назгүл Нұрымова айта кетеді.

Шараны Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар қоры «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамытуқорының қолдауымен ұйымдастырады.

Анықтама үшін:


«QDigitalInform»-қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарын ілгерілету және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын дәріптеу бойыншаерекше жоба.Жобаның жүзеге асырылу мерзімі: 2018 жылдың қыркүйегінен желтоқсанына дейін. Жобаға еліміздің 7 өңірінен 2000-нан астам жас (IT мамандықтарының студенттері мен ұстаздары, мемлекеттік органдар мен коммерциялық емес ұйым өкілдері) қатысады.