“Қиянат жасады” Мөлдір Әуелбекова ажырасуының себебін айтты

Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.

- Екінші некеңіз неге сәтсіз аяқталды?

Алланың аманатына (әйел, бала-шағаға) қиянат жасалды.

- Кейде өзіңізді кінәлап, өкініш білдірген кезіңіз болды ма?

- Өкініш шайтаннан. Мен тек сабақ аламын.

- Балапанды ренжітпеу үшін қалай тәрбиелеген дұрыс?

- Сүннет бойынша тәрбиелесеңіз қателеспейсіз. Жалпы қалай өмір сүру керектігін сүннет жолынан таба аласыз.

- Көңіліңіз құлазыған сәтте не істейсіз?

- Алламен сәждеде сырласамын.

Бұған дейін әнші әлеумпттік желілерде ажырасқандығын айтқан. Бірақ нақты себебін ашып айтпаған болатын.