Қиын жағдайға тап болған теңіз албастысы адамдардан көмек сұрады

 Теңіз албастысы аталып кеткен үш метрлік манта адамдарға қарай жүзіп келді. Көзіне қармақтың ілгегі кіріп кеткен су жануары әбден қиналғанға ұқсайды.

Джейк Уилтон су түбін суретке түсірумен айналысады. Айтуынша, металл затты көзінен суырып алмағанға дейін теңіз албастысы орнынан тапжылмаған.

Уилтон бұл жағалаудан су жануарын талай рет көріпті. Сондықтан мантаның адамдарға жақындауын қалыпты нәрсе деп қабылдаған. Алайда ол су жануары қармақтың ілгегі көрінген көзін жақындатқан кезде, таңғалғанын жасырмады, деп жазады The Sun.

Ал теңіз биологы Монти Холл бұл сәтте қайықта болыпты. Айтуынша, Джейк мантаның көзіндегі металды алу үшін су астына бірнеше рет сүңгіген кезде, теңіз албастысы орнынан қозғалмай, оны күтіп тұрған.