ҚХЛ: «Барыс» өз айдынында мәскеуліктерді ұтты

Ойын нәтижесі бойынша есеп 3:2 болып, астаналықтардың пайдасына жазылды. Енді осы жеңісі арқылы «Барыс» чемпионаттың екінші кезеңіне жолдама алды.

ҚХЛ чемпионатында қарсыластар 8 рет кездесіп, оның төртеуінде елордалықтар жеңіске жетті.

«Барыс» бүгінде чемпионаттың Шығыс конференциясында 81 ұпайымен 7-ші орында, ал «Спартак» Батыс конференциясында 62 ұпайымен 9-шы орынға тұрақтады.

Астаналықтардың келесі ойыны 24 ақпанда елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында «Северсталь» командасымен болады.