ҚХЛ Плей-офф: «Барыс» хоккейшілері «Металлургпен» алтыншы рет тартысқа түседі

Естеріңізге сала кетейік, қос команданың бұған дейінгі плей-офф сериясы тұрғысында бес кездесуінің нәтижесі бойынша астаналықтар магниторлықтарды үш рет жеңсе, сәйкесінше қарсыластар 2 кездесуді ұтты.

Айта кетейік, плей-оффтың бұл тартыстарында екі команданың бірі 4 жеңіске ие болуы тиіс. Егер «Барыс» бүгін қарсыласынан басым түскен жағдайда келесі кезеңге өтуге мүмкіндік алады.

Бүгінгі дода Астанадағы «Қазақстан» спорт сарайында сағат 17:00-де басталады.