ҚХЛ плей-офф: Бүгін «Барыс» хоккейшілері үшін шешуші ойын болады

Атап айтқанда, бұған дейін плей-офф додасында қос команда қатарынан 6 ойын өткізіп, сериядағы есеп 3:3 болды.

Енді қарсыластардың бүгінгі жетінші кездесуінде басым түскен команда Гагарин кубогі жолындағы тартысын жалғастырып, келесі кезеңге аяқ басатын болса, ұтылған команда ойын маусымын аяқтайды.

Бүгінгі ойын сырт айдында, яғни Магнитогорск қаласында өтеді.