ҚХР елшісі Яо Пэйшэн еліміздегі дипломатиялық өкілдігін аяқтады

"Қазақстанмен қоштасуға арналған сапарым барысында өткен үш жарым жыл ішіндегі етене жақын ынтымақтастық үшін өз басым үлкен ризашылық алғысымды білдіремін",- деді Қытай елшісі. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасты "мейірбан достық байланыс" ретінде бағалады. Сонымен бірге Яо Пэйшэн "жаңа елші парламент пен елшілік арасындағы күні бүгінге дейін әлсіз болып келген байланыстарды нығайтады" дегенге сенім білдірді.

Сондай-ақ, Яо Пэйшэн О.Әбдікәрімовке өзінің Қытай Халық Республикасының Украинадағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалғанын хабарлады.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан мен Қытай арасындағы екі жақты достық байланыстарды нығайтуға қосқан зор үлесі үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Яо Пэйшэнді 2-дәрежелі Достық орденімен марапаттаған болатын. ҚР президенті қытай елшісінің жұмысына жоғары баға берді.