ҚХР Коммунистік партиясы аймақтық бөлімінің жанында жарылыс болды

Оқиға жергілікті уақыт бойынша шамамен таңғы 7:40-та орын алған. Бұған куә болғандар 7 рет жарылыс дыбысы естілгенін айтуда, деп хабарлады South China Morning Post.

Шаньси провинциясы әкімшілігінің сайтында жарылыстар шағын құрылғының көмегімен жасалған деп жазады. Салдарынан 1 адам жарақаттанып, 2 көлік жарылды.

Билік өкілдері оқиға орнына жуық маңда орналасқан көшелерді қоршауға алуды тапсырды.


Еске сала кетейік, 29 қазан күні Бейжіңде Тяньаньмэнь аумағында лаңкестік жасалды. 3 адам отырған көлік бір топ адамға соғылып, сол жерде жарылды. Оның салдарынан 2 адам опат болды, 40-қа жуық адам зардап шекті. Көліктегі ер адам, оның анасы мен әйелі қаза болды. Машинаның нөмірлік белгісі Шыңжаң ұйғыр автономдық ауданына тиесілі болған. Қытай бұл оқыс оқиғаны ұйғыр сепаратистерінен көріп отыр.