ҚХР Мемлекеттік кеңесінің Премьері Ли Кэцян желтоқсанда Қазақстанға келеді

«Қытай Қазақстанның жақын көршісі әрі стратегиялық маңызды сауда-экономикалық әріптесі саналады, біз достастық, одақтастық және саяси байланыстамыз», - деп атап өтті Е. Досаев.

Тараптар Қазақстан мен Қытайдың өңіраралық ынтымақтастығы мәселелерін, ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцянның желтоқсан айындағы Қазақстанға сапарына дайындық жағдайын талқылады.

«Қытайдың әлемдегі ірі инвесторлардың бірі екенін ескеріп, біз инвесторларға ынталандырудың жаңа пакетін енгізгеннен кейін Қазақстанда инвестициялық қызметті едәуір жандандырмақшы ойдамыз», - деді министр.

2014 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында Қытай мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы  $13,3 млрд. құрады.


2005 жылдан бастап 2014 жылғы 1 жартыжылдық аралығы кезеңінде Қытайдан Қазақстанға құйылған тікелей инвестиция ағыны $11,8 млрд. астамды құрады (Негізінен ҚР құрылыс, тау-кен және мұнай салалары).