ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао Қазақстанға ресми сапармен келеді

"ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао 29-31 қазан аралығында Қазақстанға ресми сапармен келеді" деді Е.Ашықбаев.

ҚХР Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао елімізге Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың шақыруымен келеді. Қытай үкімет басшысы ел басшылығымен келіссөздер жүргізіп, Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдерді үкімет басшылары кеңесінің 7-ші отырысына қатысады.