ҚХР төрағасы Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады

Қазақстан парламенті өкілдерінің жетекшісін ҚХР төрағасы Ху Цзиньтао қабылдап, Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастық деңгейін жоғары бағалады. Оның айтуынша, бұл өзара саяси диалогты пәрмендендіру мен барыс-келістердің арқасы болумен бірге Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа мемлекет құруға бағытталған сындарлы саясатының жемісі болмақ.

Сонымен бірге Н.Әбіқав Бүкілқытайлық халық өкілдері жиынының тұрақты комитетінің төрағасы У Банго, саяси консультативтік халықтық кеңесінің Бүкілқытайлық комитетінің төрағасы Цзя Цинлинмен кездесті.
Бас қосуларда екі мемлекет арасындағы заң шығару, тұрақты экономикалық өсімді қамтамасыз ету, әлеуметтік даму, сондай-ақ, екі парламент пен түрлі депутаттық комитеттер арасында тікелей жұмыс бабындағы байланыстар орнату саласы бойынша өзара тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.
ҚХР төрағасы Орталық Азия аймағындағы Қазақстанның жетекші ролін, сондай-ақ, Қытайдың сыртқы саяси жоспарлары шеңберіндегі республиканың алатын орнын ерекше атады.