ҚХР Төрағасы Қазақстанға сапары кезінде Назарбаев Университетінде сөз сөйлейді

Кеше ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Орталық Азия бойынша турнесін бастады.

Си Цзиньпин 6-8 қыркүйек аралығында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.

Оның Қазақстанға сапары аясында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен ресми келіссөздері, сондай-ақ, ҚР Премьер-Министрімен және ҚР Парламенті Сенатының төрағасымен кездесулері өтеді.

Сонымен қатар, Си Цзиньпин Назарбаев Университетінде маңызды сөз сөйлемек және бұдан бұрын Қытайдың сыртқы істер министрінің орынбасары Чэн Гопин хабарлағандай, Қытайдың жаңа Үкіметінің Орталық Азиядағы сыртқы саясатын жарияламақ.

Естеріңізге сала кетейік, ҚХР жаңа басшысы Си Цзиньпин 3-13 қыркүйек аралығында Түрікменстан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінде мемлекеттік сапарда болады.