ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология институтының мәліметінше, 16 маусымда 20 сағат 45 минутта ҚХР аумағында энергетикалық классы 11,3 болған жер сілкінісі тіркелді. Сілкініс ошағы Алматыдан шығысқа қарай 312 шақырымда болды. Жер асты дүмпулері Шонжыда (2 балл) тіркелді. Құрбан болғандар, зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат жоқ.