ҚХР-дің төрағасы Си Цзиньпин қазақстандық студенттерді өз елінде білім алуға шақырды

Оның хабарлауынша, 30 мың стипендияның 10 мыңы кКнфуций институттарында жұмыс істейтін оқытушыларға бөлінбек. «Сіздер де осы стипендияларды қолдана аласыздар деп сенемін. Сондай-ақ, мен осы университеттің (Назарбаев университеті - автор) 200 оқытушысы мен студенттерін келесі жылы өтетін жазғы лагерьлерге шақырамын», - деп атап көрсетті Си Цзиньпин.

Қытай мен Қазақстанның жастары біздің бүгінгі достығымызды жалғастырып, оны ары қарай нығайту жұмысына өз үлестерін қосады деп сенеміз. Бүгін Назарбаев университетінің студенттері алдында дәріс оқыған Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин осылай айтты.


Осы орайда ол қазақ халқының ұлы ойшылы Абайдың «Дүние - үлкен көл, Заман - соққан жел, алдыңғы толқын - ағалар, артқы толқын - інілер, кезекпенен өлінер, баяғыдай көрінер» деген сөзін келтіріп: «Біз екі ел жастарының бүгінгі достығымызды жалғастырып, оны ары қарай нығайту жұмысына өз үлестерін қосады деп сенеміз. Қазақстан мен Қытай - тағдыры бір көрші мемлекеттер. Екі мың жылдан асатын ортақ тарихымыз бізді біріктіріп қана қоймай, екі жақты байланыстарды дамытуға мол мүмкіндік беріп отыр. Ендеше, бірге қол ұстасып, жарқын болашаққа аяқ басайық», - деп атап көрсетті С. Цзиньпин.