ҚКХП мәжіліс сайлауына қатысуға шешім қабылдады


Бұдан бұрын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәжіліс депутаттарын кезектен тыс сайлауды 20 наурызға белгіледі. Сонымен қатар 20 наурызда мәслихат сайлауы өтеді.

"Біздің партияның негізгі міндеті мемлекеттің дағдарысқа қарсы шаралары — "100 қадам" ұлт жоспары реформасын іске асыруға атсалысу болып табылады. Біздің партияға коммунистік қағидаларды жетілдіру аясында жақтастарымыздан жаңа сенім мандатын алу қажет", — деді сейсенбіде съезде ҚКХП ОК хатшысы Тұрғын Сыздықов.