ҚКХП өз қатарынан Әбілқасымовты шығарады

"Әбілқасымов есепте тұрған Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясының Астана қалалық комитеті оны коммунистік партияның қатарынан шығару процедурасын бастады",- деді А. Холодков.

А. Холодков, мұндай шешім 13-тамызда республикалық телеарналардың бірінен Е. Әбілқасымовтың сайлаушыларды "Нұр Отан" партиясына дауыс беруге шақырғандығына жауап ретінде қабылданып отырғандығын түсіндіріп өтті. "Біз оның бұл қылығын әдейі жасалған сатқындық ретінде бағалаймыз",- деп мәлім етті ол.

Сонымен қатар, "сайлау науқаны басталғаннан бері ол (Әбілқасымов) сайлаушылармен бір де бір рет кездесу өткізбеген, партия тапсырмаларының біреуі де орындалмаған",- деді Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясының өкілі.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті