Компанияның директоры барлығына кінәлі ҚМДБ екенін айтып, тың деректің ұшын шығарды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы 50/50 бағдарламасына сілтеме жасап.
Компания директоры Данияр Илеев:
- Бұл іске ҚМДБ-ның тікелей қатысы бар. Олар 18 компанияғы рұқсат берді. Себебі, олар үлесте болды. Әрбір квотаға 500 доллар алады. Мен үлес бермегенім үшін, мүфтияттың бір адамы барып, провакация жасаған. Маған ол туралы видеолар келді.
Бағдарламаға келген заңгерлердің бірі: - Қажылық өтеуді армандап барған адамдар, депорт жасалып, елге қайтарылғанымен, 4 жылға дейін ол елге бару құқығынан айырылады. Тур компания ашпас бұрын, соны ашқан адамның, яғни, директордың соттылығы жайлы тексерілу керек. Маған осындай компанияларға алданған көп адамдар шағымданады, деді.