Биыл қасиетті Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түнге түсіп отыр. Бұл түн Рамазан айындағы ең қасиетті мүбәрак түн болып саналады. Қадір түні жасалған ғибадат 83 жылдық сауапқа пара-пар екен.
Бұл туралы Sputnik Қазақстан хабарлайды.
"Бұл түн барша мұсылман қауымы үшін өте қасиетті түн. Қадір түнінің маңызын құранмен түсіндіреміз. Бұл түн мың айдан да қадірлі. 1 түн отырып, 83 жыл 4 ай құлшылылық жасағандай сауап аласыз. Бұл – бір адамның өмірімен пара-пар уақыт", - дейді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы. Ол:
- Қадір түні қандай түн?
- Қадір түнін қалай қарсы алу керек?
- Қандай дұғалар оқу қажет?
- Қадір түнінде шыдай алмай ұйықтап кеткен адамның тілегі қабыл бола ма? деген сауалдарға жауап берді.
Толығырақ бейнежазбадан біле аласыздар.