Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"ЗЕКЕТ қорының басынан дау кетпеді. Ұят та болса айтайық, ҚМДБ жанынан құрылған республикалық қайырымдылық “Зекет” қорының Астана қаласы өкілдігінің басшысы Әнуарбек Жексенғалиевке іздеу жарияланды.
Ол өзінің серігімен бірге 1 млрд 100 млн. теңге бюджет қаржысын жымқырып тайып тұрған.
Дәл ораза айында Діни басқарманың бірден бір ресми қор басшысына қатысты жағымсыз жаңалық әрине жаға ұстатты. Біз анау жеді, мынау жеді деп шенеуніктерді түгендеп жүргенде қайырымдылық атын жамылғандар өз білгенін жасауда.
#зекеттің аты бірінші рет былғанып тұрған жоқ. Осы қордың басшысы Талғат Омаровқа қатысты былтыр шу шықты. Ол үйде отырған әйелін құжат жүзінде жұмыс істейді деп 380 мың тг. жалақы бөліп отырған. Ол аздай қорда жоқ қарындасына 252 мың тг. айлық тағайындап, аман-сау қызын мүгедек деп көрсетіп мұқтаждар тізіміне енгізген болатын.
Жалпы, мешкей деген жақсы ат емес!
Молданың айтқанын істеп, істегенін істемей жүрміз сол
енді қашып жүрген генерал, әкім, банкирлердің қатарына молда қосылды🤭
Ой, сұмдық-ай жүре берсең көре береді екенсің", - деп жазды Гүлмира Әбіқай.