Аумағы 785.1 шаршы метрді қамтитын орталықтың көп бөлігіне баскетбол, волейбол, үстел теннисі және таэквондо секілді спорт түрлері алаңдары орналасқан. Орталықта салтанатты ашылу рәсімінен соң үстел теннисі мен баскетболдан алғашқы жарыстар да басталып кетті.
Институт өкілдерінің сөзіне сенсек, алдағы уақытта бұл спорт залынан басқа тағы 2 жаттығу залы ашылады деп жоспарланып отыр. Оның бірі кардио-фитнеспен айналысуға, ал екіншісі күш жаттығуларына арналмақ.