ҚМГ БӨ басқармасы құрамында өзгерістер болды

Акциясы Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (Астана)  KASE-ге ресми хатында директорлар кеңесінің 2016 жылғы 23 ақпандағы шешімімен жедел басқару мақсатында ҚМГ БӨ басқармасының сандық құрамы 7 адамнан 5 адамға қысқартылғанын және басқарма мүшелерінің өкілеттік мерзімі 2018 жылғы 22 қыркүйекке дейін белгіленгенін хабарлады.

Басқарма құрамынан Ботагөз Серікбайқызы Әшірбекова, Мәлік Оралұлы Сәулебай және Әзиз Тоқшылықұлы Елеуов кетті.