ҚМГ шетелдегі бірқатар кәсіпорындарын жекешелендіруге шығарады


Оның сөзіне қарағанда, бүгінде ҚМГ-ның шетелдік активтері көп емес. Осы орайда С. Мыңбаев «KMG International» құрамындағы, яғни Румынияда мұнай өндеу зауыты мен жанар-жағармай құю желесін басқарып отырған «Rompetrol» компаниясы сақталатынын жеткізді.

«Сонымен бірге «KMG International» құрамында бірқатар профильдік емес активтер бар. Олардың қатарында Румынияда өндіру бойынша шағын актив, сонымен қатар химиялық өнімді өндіру және қызмет көрсету бойынша активтер бар. Бұл компаниялар жекешелендіру бағдарламасы аясында жекешелендіруге қойылды. Бұдан бөлек, Украинада шағын бөлімше бар. Ол сол жерде саудаға шығарылады. Бұдан өзге үлкен активтер шетелде жоқ»,-деді С. Мыңбаев.