Қоғам белсенділері Ресей елшілігінің алдында наразылық білдірді

Наразы топ бұрынғы Ресей империясының туын жағып жібермек болды. Алайда, жанармайға малынған жалауды өртеуге оқталған 2 азаматты дереу полиция сүйреп әкетті. Қалғандары Ресей президенті Владимир Путинге жазылған хатын елшінің жеке өзіне тапсырғысы келген. Бірақ, ол шықпай, көмекшісін жібере салыпты. 16 бірдей қоғамдық ұйымның мүшелері қол қойған хатта, Путиннен Қазақстанның тұтастығына қауіп төндіретін мәлімдеме жасаған Жириновскийді мемлекеттік дума депутаты мандатынан айыру сұралған. Ал хатты қабылдаған елшілік қызметкері, оның межелі жерге жететінін айтып сендірді.


Мақсат Нұрыпбаев, «Қазақстан жастары» республикалық бірлестігінің төрағасы:

- Егер РФ президенті бұл мәселеге жоғары деңгейде мән бермейтін болса, бұл Ресей Федерациясының "ресми ұстанымы" деп бағалайтын боламыз.