Қоғам Сәрсенбаевты өлтіруге қатысты іс бойынша сот үкімін қабылдауға тиіс - бас прокуратура

"Ал Ибрагимовтың тергеушілер тарапынан өзіне қысым көрсетілді-міс деген мәлімдемесі бойынша және жалпы осы іске қатысты сот өз бағасын берді. Бұл жорамалдардың бәрі де қаралды, осындай барлық пайым-пікірлер салмақталды",- деді І.Бақтыбаев. "Қоғамдағы жекелеген күштердің осы іске қатысты белгілі бір саяси мүддесі болды. Оны саяси ұпай жинау үшін осындай кейіпте көрсетуге талпыныстар жасалды",- деп санайды бас прокурордың орынбасары.

"Әйткенмен , егер біз құқықтық мемлекет құрып жатсақ, Ата заң мен заңдардың үстемдігін жария етсек, онда меніңше, соттың үкіміне бағыну керек",- деп мәлімдеді ол. Оның пікірінше, Жоғарғы соттың бағасына "алып-қосар ештеңе жоқ". "Менің пайымдауымша, біз сол бір үкім мен Жоғарғы соттың бағасын сол күйінде қабылдауға тиіспіз",- деп қорытты І.Бақтыбаев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті