"Үкімет өлім жазасын алып тастау мерзімін нақты белгілеп отырған жоқ. Ол қоғамда тиісті ұстаным қалыптасқан жағдайда шешімін табады",- деп атап өткен министр елімізде өлім жазасына жарияланған мораторий әлі де күшінде екенін еске салды.
Кездесуде сонымен қатар қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде тұтқындарды азаптау мен қинауға жол бермеу жолдары төңірегінде сөз қозғалды. Ұлыбританиялық елші әділет министрінен тергеу изоляторлары мен полиция бөлімшелерінде заңдылықтың сақталу жағдайына ІІМ-мен бірлесе мониторинг жүргізуге қолдау көрсетуді өтінді. Әділет министрі бұл өтінішке қолдау білдіріп, "мұндай мониторинг еліміздегі пенитенциарлық жүйені одан әрі ізгіліктендіруге септігін тигізетінін" атап өтті.