"Шығармашылық одақтар қоғамдық ұйымдар қатарына енгізіліп, мемлекет қамқорлығынан тыс қалды. Рухани байлықты жасаушы еңбеккерлер ғой. Кеңестік дәуірде жазушылардың кітабы шыққан кезде берілетін қаламақысы келесі романын жазғанға дейінгі 2-3 жылға толық жететін. Мен кеңестік дәуірді сынаушылардың бірі болсама да, еңбекке ақы төленетін қоғамды жақтаймын", - дейді Қабдеш Жұмаділ. Оның айтуынша, алдымен өтпелі кезеңдегі экономика, содан кейін ғана саясат дейтін түсінік бізде әлі күнге дейін өзгеріссіз келе жатыр. Рухани кедейшілікке ұшыраған қоғамды келеңсіздік жайлайды. Қазіргі атыс-шабыс, нашақорлық, зинақорлық, жемқорлық пен сыбайластық сияқты жәйттар соның нақты айғағы деуге болады. Мұндай құбылыс дені сау қоғамның белгісі емес. "Қоғамды бұл сырқаттан емдейтін нәрсе - көркем әдебиет. Ол санаға бірте-бірте тарайтындықтан, оның нәтижесі бір күнде білінбеуі мүмкін.Бірақ өз болашағын ойлайтын ел оны өз саясатының басым бағытына аналдырып, оған ерекше көңіл бөледі. Өкінішке қарай, біз қазір қоғамның дерттерін емдейтін жағдайға жете алмай отырмыз", - дейді Қабдеш Жұмаділ.