Бұл туралы ол өзінің instagram-дағы парақшасында жазды.
"Мен "Өз ойым" ток-шоуы туралы скандалды білемін, Ләйлә Сұлтанкызы, Алмас Алтай жайлы не айтылып жатқанын да естідім. Ұзақ уақыт араласпадым, өйткені, бұндай шулар көп болып жатады, өте көп.
Бірақ, мені қозғаған Нұрболxанның іс-әрекеті. Мен Нұрболxанды білем, жақсы танимын, жақсы сатира мен әдемі әзілкеш ретінде білемін. Оның неге бұлай қайта-қайта бір тақырыпты жаза беруін түсінбеймін. Мүмкін, ол өзіне назар аударғысы келетін шығар, аудитория жинағысы келетін болар. Бірақ, бұл әдісті мен жігіттердің әдісі деп ойламаймын.
Мен Ләйлә Сұлтанқызын көп жылдар танимын, ісіне жауапты, жақсы адам ретінде білемін", - деп жазды Мұқанов.
Ләйлә Нұрболxанға қарағанда өзін достойно ұстап тұр
"Жауап бермейді, жеке басқа тиіспейді. Ал, Нұрболxанға дұрыс айттың, азаматсың деп қолдап отырған жұрт біздің қоғамда не болып жатқанын білмей ме?
Расында "Өз ойым" біздің қоғамдағы өте күйіп тұрған проблеманы көтерді. Біздің елімізде проституция да көп, транс та көп, жезөкшеге ешкім таңғалмайды, айнала ластанып кетті. Ал, Нұрболxанды қолдаушы жұрттар осының бәрін көргісі келмейді. Өйткені ол жаман. Ал, жамандықпен күреспесең ол өзінен жоғалып кете ме?
Бұл кетпейді, жоғалмайды. Әр қалада, әр мекенде бар. Миллион сайттары тұр, күресіп, жұртты жиіркендірмесе болмайды.
Менің Өз ойымда келіспейтін бір жерім бар, ол Сұлтанқызы мен Алмастың тарапынан студияға келген сондай лас адамдарға оңбаған, көргенсіз, тексіз деп ұрсып, қуып шықпауы. Бірақ, олар олай ете алмайды, олар жүргізуші. Журналистің міндеті xалыққа ақпарат беру ғана, олар сол міндетті орындады. Олар қоғамда осындай ауру бар деп көрсетті.
Менің үш қызым бар. Мен де қорқамын. Бейбіт күнде қазақтың солай азғындап бара жатқанын көріп жүрек ауырады. Бұл бізден, ата-анадан кеткен қателік", - деп сөзін аяқтады продюсер.