"Қазақстан ахуалында көптеген факторларға байланысты басқа қандай да билік түрі тиімді әрі тұрақты бола алмайды",- дейді Б.Өтемұратов.
Ұлттық комиссия төрағасының айтуынша, саяси реформалар бағдарламасын алдын-ала талқылау қорытындысы реформаларды сатылы жүзеге асыру қажеттігін айғақтады. Бұл орайда "билік тармақтары өкілдерінің құзыратін арттыру, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, саяси партиялардың ролі мен функцияларын арттыру және сыбайлас жемқорлықпен күрес" мәселелері ең көкейкесті мәселеллер ретінде аталуда. "Бұл бағыттардың әрқайсысы бойынша шаралар кешенін жүзеге асыру орынды",- деді Б.Өтемұратов.
"Саяси реформалар аясындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту, азаматтық қоғам институттарын қолдап дамыту сынды бағыттар бойынша бірқатар бағдарламалалық құжаттар қабылдау дұрыс",- дейді ол. Б.Өтемұратовтың айтуынша, "саяси реформаларды жүзеге асыру үшін қоғам болып жұмылу қажет".