Қоғамды демократияландыру жөніндегі ұлттық комиссияның жұмыс тобы Қазақстанда сот алқасы (присяжныйлар) институтын англосаксон үлгісі бойынша құруды ұсынады

"Жұмыс тобы сот алқасы (присяжныйлар) институтын англосаксон үлгісі бойынша құру туралы шешімді басым дауыспен қабылдады. Бұл үлгі бойынша, сот алқасы тек бір ғана мәселені, айыпталушы кінәлі немесе кінәсіз дегенді ғана шешеді, ал басқа заңдық мәселелер кәсіби судьялардың билігіне беріледі",- деді ол.

М.Нәрікбаевтың айтуынша, жұмыс тобының мүшелері сот алқасы мүшелерінің санына қатысты мәселе бойынша да бір тоқтамға келді. "Істі қарауға 6 заседатель мен жалпы сот отырысына төрағалық жасайтын бір кәсіби судья қатысады",- деді ол. Тағы да екі алқа мүшесі резерв ретінде ұсталады.
Жұмыс тобы облыстық және соған теңестірілген соттар мен ҚР Жоғарғы сотында сот алқасы мүшелерінің қатысуымен қылмыстық істерді қарауды ұсынып отыр.
Сот алқасы мүшелерінің тізімін тәуелсіз құрылым айқындауы тиіс деген ұсыныс айтылды. "Атқарушы билік бұтағының сот алқасы құрамын қалыптастыруына жол беруге болмайды",- деп санайды сот алқасы туралы заң жобасын әзірлеу жөніндегі кіші жұмыс тобының жетекшісі Гүлнар Сүлейменова.
Ал М.Нәрікбаевтың пайымдауынша, сот алқасы мүшелерінің құрмын қалыптастыру туралы өкілеттілікті ҚР Жоғарғы сотының жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитетке беруге болады. "Қандайбір уәкілетті органды іздеудің немесе оны жаңадан құрудың қажеті жоқ. Ол үшін сот әкімшілігі комитетіт бар емес пе",- деді ол журналистерге арналған брифингте.
Сот алқасы институтын қолданысқа енгізу қосымша қаржы талап етеді. ҚР Жоғарғы сотының жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Ирак Елекеевтің айтуынша, "қазіргі жағдаймен облыстық соттардың ешқайсысы да сот алқасының отырыстарын өткізу талабына сай келмейді". И.Елекеевтің айтуынша, аталмыш институтты құру үшін 1,5 млрд. теңге қажет.
Жұмыс тобының шешімі Ұлттық комиссияның қарауына ұсынылады. Бұл шешімді комиссия мақұлдаған жағдайда ұсыныстар топтамасы Елбасының қарауына жолданады. Ұлттық комиссияның кезекті отырысы 20-қаңтардан кейін өткізіледі деп күтілуде.